top of page

Acerca de

türk dünyası yükselen yıldızı.jpeg

3. Turkic World Rising Star Festive-Contest

ІІI. Халықаралық “Түркі әлемінің жарық жұлдызы” Фестиваль-конкурсы туралы

2023-ші жылдың 2-4-ші мамыр күндері аралығында “IKSAD” Халықаралық экономикалық даму және әлеуметтік зерттеу институтының қолдауымен түркі мәдениетін және өнерін дамыту жобасы аясында «UKSEK» шығармашылық бірлестігімен ұйымдастырылатын

ІІI халықаралық “Түркі әлемінің жарық жұлдызы” атты жас өнерпаздар арасындағы фестиваль-конкурсын ұйымдастырады. Фестиваль-конкурс Түркия елінің Стамбул қаласында өтеді. Қатысушы елдер: Түркия Республикасы, Әзірбайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы, Түркменстан Республикасы, Башқұртстан, Татарстан, Өзбекстан Республикасы.

 

Ұйымдар туралы қосымша ақпарат:

www.iksadinstitute.org

https://zeytinburnu.istanbul/

https://www.katead.org.tr/

 

МАРАПАТТАР:

Әр жанрдан ең үздік өнер көрсеткен бір өнерпазға 100$ ақшалай сыйлық беріледі

Бас жүлде лауреат сертификаты - 1 қатысушыға

1-ші орын лауреат сертификаты - 1 қатысушыға беріледі 

2-ші орын лауреат сертификаты - 2 қатысушыға беріледі 

3-ші орын лауреат сертификаты- 3 қатысушыға беріледі 

Орын алмаған қатысушыларға дипломант сертификаты және сыйлық беріледі.

Жетекшілерге - алғыс сертификаты беріледі.

Бірінші конкурстың жеңімпазы

IMG_5206.JPG

НОМИНАЦИЯЛАР

1. ВОКАЛ (академиялық, эстрадалық, дәстүрлі ән, вокалдық топтар, хор)

2. ХОРЕОГРАФИЯ  (жеке, топтық би орындауға болады)

3. АСПАПТА ОРЫНДАУШЫЛЫҚ (ұлттық аспапта орындау, классикалық аспапта орындау)

4. КӨРКЕМ СӨЗ (жеке)

5. FASHION КӨРСЕТІЛІМ (киім сән үлгілері жеке)

6. КӨРКЕМ СУРЕТ (жеке қатысушы)

7. ҚОЛӨНЕРІ (жеке қатысушы)

8. САХНАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМ (жеке, топтық қойылым)

номинациалар

Назар аударыңыз ескерту!

(Номинациялар бойынша репертуар таңдау кезінде келесі тізімге мұқият болыңыз)

Түркітілдес халықтар тізімі: Түріктер, қазақтар, әзірбайжандар, өзбектер, қырғыздар, ұйғырлар, түрікмендер, татарлар, башқұрттар, қырым татарлары, қашқайлар, чуваштар, қарақалпақтар, сахалар, құмықтар, қарашайлар, балқарлар, тывалар, ғағауыздар, қарайымдар  

НОМИНАЦИЯ ТАЛАПТАРЫ:

1. ВОКАЛ номинациясы бойынша қатысушы(лар) - бір әнді жанды дауыста сапалы өңделген минусовканың сүйемелдеуімен немесе аспапта сүйемелдеумен орындау қажет. Ән минусовкасын өтінішпен бірге атауын жазып жіберу шарт.

2. ХОРОЕГРАФИЯ номинация бойынша қатысушы(лар) - бір би орындау қажет. Бидің музыкасын алдын ала өтінішпен бірге атауын жазып жіберуі шарт.

3. АСПАПТА ОРЫНДАУШЫЛЫҚ номинациясы бойынша қатысушы(лар) ұлттық немесе классикалық аспаптың бірінде күйші-композиторлардың бір шығармасын еркін тақырыпта  орындау шарт.

 

4. КӨРКЕМ СӨЗ номинациясы бойынша қатысушы - түркі халқының ақындарының бір өлеңін еркін тақырыпта жатқа мәнерлеп оқу шарт. Уақыты - 3 мин.

5. FASHION КӨРСЕТІЛІМ номинациясы бойынша қатысушы - киім үлгісін өз қолымен тігіп, киіп көрсету қажет (киімді басқа адам киюге болады). Өз жұмысын қорғап түсіндіру шарт. Уақыты - 3 мин.

 

6. КӨРКЕМ СУРЕТ номинациясы бойынша қатысушы өзі салған бір шығармасын алып келіп, көрмеде таныстырады. Яғни, суреттің салу техникасын, тақырыбын айтып түсіндіріп, қорғайды. Жұмыстың форматына, бояуына ешқандай шектеу жоқ.

7. ҚОЛӨНЕР номинациясы бойынша қатысушылар түркі халықтарының ұлттық қолөнер бұйымдарын өз қолымен жасап, алып келіп қорғайды. Яғни, жұмыстың мағынасын, қандай материалдан жасағанын түсіндіреді.

САХНАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМ номинациясы бойынша қатысушы(лар) тарихи оқиғаларынан, авторларының шығармасынан, фильмдерінен немесе пьесалық қойылымдарынан 20 минуттық үзінді  көрсетуі шарт.

Өткен конкурстың фото галереясы

Ыстамбул қаласындағы

Айдын Доған Мемлекеттік Өнер Мектебінде өткен бірінші конкурстың галереясы

Өтініш беру

фестиваль конкурсқа қатысу үшин тіркеліңіз немесе электроны поштамен керекті мағлуматтарды Ворд фоматта жіберіңіз...

Ахмет мырза 
+90 505 637 76 33
risingstaroftw@gmail.com

  • Facebook
  • Twitter
  • LinkedIn
  • Instagram

Әділқазылар Алқасында Орын Алған Еңбек сіңірген өнерпаздар

Шебнем Пакер

Пакер 1996 және 1997 жылдары Евровидение ән байқауында Түркияның атынан қатысқан. Оның 1997 жылы «Динле» әнімен 3-ші орын алған өнері Түркияның 2003 жылғы алғашқы жеңісіне дейін байқаудағы ең жақсы нәтижесі болып табылады. 1997 жылдың тамызында ол Динле атты жалғыз альбомын шығарды.

 Сондай-ақ ол қазір Түркиядағы өнер университеттерінде қолданылып жүрген оқулықтың бірлескен авторы болды.

maxresdefault.jpg
maxresdefault (1).jpg

Седат Солакоглу

Түркі дүниесі музыкалары зерттеушісі, домбырашы..

15033970_10207574356053623_2022050528_o.jpg

Демеушілер

Туркия Республикасының Білім министрлігі 

Аташехир Білім Басқармасы

Айдын Доған Мемлекеттік Өнер Лицейі

Ыстамбул қаласы Үскідар Әкімшілігі 

Маңғыстау Облысы Мәдениет Басқармасы

üsküdar logo yatay.png
bottom of page